
№19 орта мектебінің
2014-2015 оқу жылындағы жұмысының
Т А Л Д А У Ы
Мектептің өзекті мәселесі:
«Жеке тұлғаны қоғамға бейімдеп, сыни тұрғыда ой қорытуын қалыптастыра отырып, оқу-тәрбие саласында жаңаша әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын пайдалану арқылы оқыту»
Мектептің әдістемелік қызметінің өзекті мәселесі
«Өскелең ұрпаққа сапалы білім беруде жаңашыл әдістерді қолдану әрекеттерін дамыту»
Әдістемелік қызметтің мақсаты:
«Оқытудағы жаңаша өзгерістерге бейімделген білім беру үлгілерін қолдану арқылы білім сапасын арттыру».
Әдістемелік қызметтің міндеттері:
-
Деңгейлік оқыту бағдарламасының әдістерін қолдана білуді жақсарту;
-
Ақпараттық білім беру сапасын ұлғайту;
-
Оқу-тәрбие саласында жаңашылдықпен жұмыс жасауды жетілдіру.
Мектептің өзекті мәселесі 3-кезеңге жоспарланды:
1-кезең. 2014-2015 оқу жылы:
«Деңгейлік оқу бағдарламасы бойынша жекелеген мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету арқылы оқушылардың интелектісінің +ілгерілеуіне жағдай жасау».
2-кезең. 2015-2016 оқу жылы:
«Жаңаша әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдана отырып, мұғалімдердің іс-тәжірибесін таратуға жағдай жасау»
3-кезең. 2016-2017 оқу жылы:
«Деңгейлік оқыту бағдарламасы бойынша мұғалімдердің даму мониторгингін жасау».